АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 15 Мамыр 2025 04:28

«Театр әлемі»

2025 жылғы 13-15 мамыр аралығында АҚЖККПедагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасыжанындағы Педагогикалық шеберлік орталығы Көкшетауқаласындағы №13 «Экос» мектеп-гимназиясы мен №11 мектеп-гимназиясының оқушыларына арналған «Театр әлемі» атты сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырды.

​Іс-шараға педагогикалық мамандықтар бойынша білімалып жатқан 1 курс білім алушылары белсене қатысты. Театрландырылған қойылымдар арқылы балалар тілдікдағдыларын дамытып, сөздік қорларын байытты, дыбыстарды анық айтуға, сондай-ақ кейіпкерлердіңәрекеттері мен дауыс ырғағына сай дұрыс әрі мәнерлісөйлеуге үйренді.

​Бұл жоба болашақ педагогтарды практикалық бағыттаоқытудың жарқын үлгісі болып, бастауыш сыныпоқушыларының шығармашылық және сөйлеу қабілеттерініңдамуына жақсы ықпал етті.