2025 жылғы 12 мамырда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы және Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Аталған Меморандум мамандарды даярлау сапасын арттыру және серіктестік байланыстарды нығайту мақсатында жасалды. Құжат бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды, тәжірибе алмасуды, ғылыми зерттеулер жүргізуді және оқу-әдістемелік базаны жетілдіруді қарастырады. Бұл жоғары білікті кадрларды даярлауда маңызды қадам болады.