АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 06 Мамыр 2025 04:16

«Жігіт сұлтаны - 2025» байқауы

2025 жылғы 6 мамырда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Жігіт сұлтаны - 2025» байқауы өтті. Іс-шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шайхина Г.Ж. және кураторлар Нурсеитова Р.З., Рахметова Р.З., Шахтай А.М., Абильтаева С.Б. ұйымдастырды. 

            Байқау барысында қатысушылар өздерінің жан-жақты қабілеттерін көрсетіп, салт-дәстүрімізге деген құрметін, ұлттық рухын және көшбасшылық қасиеттерін таныта білді.  

            Іс-шара қорытындысы бойынша ТЖ-11А тобының білім алушысы Алиев Шахмардан «Жігіт сұлтаны – 2025» байқауының жеңімпазы атанды. 

            Номинациялар бойынша жеңімпаздар:  

  • «Сері жігіт» – ӨҚ-11А тобының білім алушысы Болат Рауан;
  • «Өнерпаз жігіт» – ЧС-12Б тобының білім алушысы Абдибек Әділ;
  • «Сегіз қырлы, бір сырлы» – ТЖ-11Б тобының білім алушысы Иманкулов Мейрам;
  • «Сымбатты жігіт» – ӨҚ-11Б тобының білім алушысы Тағалбай Бақтияр;
  • «Алғыр жігіт» – ФК-12Б тобының білім алушысы Тулебаев Амир;

            Байқауға Ақмола облысының Ардагерлер кеңесінің мүшелері Гайнуллин Р.С. және Ережепов Ж.М. қатысып, білім алушыларға өздерінің жылы лебіздері мен тілектерін жолдады.   

            Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!