2025 жылдың 1 мамырында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Колледж білім алушылары бұл мерекеге үлкен дайындықпен келіп, әр топ түрлі ұлттардың дәстүрі мен салт-санасын бейнелейтін шығармашылық нөмірлерін ұсынды. Жарқын костюмдер, билер, әндер мен әсерлі қойылымдар көрермендер мен қазылар алқасының жүрегін жаулады.
Ұйымдастырылған іс-шара жеңімпаздары келесідей анықталды:
- 1-орын – УиА-12 тобы - кураторы Айдаркулова Г.К.
- 2-орын – РЛ-12 тобы - кураторы Нарымбаева Д.Н., ПМНО-12А тобы - кураторы Бостанбаева С.К., ПБ-12 тобы - кураторы Максютов Р.В., ДТ-11 тобы - кураторы Садық А.Т.
- 3-орын – ДОВ-12 тобы - кураторы Мазбаева Г.А., ФК-12А тобы - кураторы Дашковская Е.В., ФК-12Б тобы - кураторы Жадрина Н.К., ФК-12В тобы - кураторы Усина С.С.
Іс-шараға жауапты: тәрбие бөлімі және кураторлар Шаймуратова Н.Е., Еслям Ж.М.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және ұлтаралық келісімді дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс айтамыз!