2025 жылғы 30 сәуірде Астана қаласында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі мен Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының Этномедиация орталығы арасындағы меморандум аясында «Жаһандану және өңірлену: жаңа геосаяси жағдайдағы Қазақстанның келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында сыртқы саясат бағытының өзекті мәселелері, азаматтық бірегейлікті қалыптастырудағы жастардың рөлі, сондай-ақ жаһандық өзгерістер жағдайында Қазақстан алдында тұрған сын-тегеуріндер талқыланды.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі атынан дөңгелек үстелге колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шайхина Г.Ж. қатысып, білім алушыларды талдамалық және ғылыми-білім беру процестеріне тартудың маңыздылығын атап өтті.