АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 30 Сәуір 2025 12:12

«Қазақстан Республикасы колледждерінің 100 үздік студенті» республикалық байқауы

2025 жылғы 30 сәуірде Астана қаласында «Қазақстан Республикасы колледждерінің 100 үздік студенті» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған бұл ауқымды шараға еліміздің барлық өңірінен 100-ден астам дарынды және болашағынан зор үміт күттіретін білім алушылар жиналды. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырып, жобаны жүзеге асыруға «Talap» КЕАҚ қолдау көрсетті.
Байқаудың басты мақсаты – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіндегі дарынды жастарды қолдау, олардың кәсіби өсіп-дамуына ықпал ету және еліміздің экономикасы үшін кадрлық резерв қалыптастыру.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің ӨҚ-41А тобының білім алушысы Есенғазы Бекжан бұл байқауда үздіктер қатарынан табылып, Қазақстанның 100 үздік студентінің қатарына кірді.
Білім алушының жетекшісі Азаматтық қорғаныс кафедрасының меңгерушісі – Кадыров Рамазан Татжанович.
Білім алушымызды осы жоғары жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта да жаңа табыстар тілейміз!

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp