2025 жылдың 21-25 сәуірі аралығында АҚЖКК Азаматтық қорғаныс кафедрасында Кафедра апталығы өтті. Бұл – оқытушылардың кәсіби шеберлігін арттыруға, білім алушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін дамытуға, дарынды жастарды қолдауға, сондай-ақ білім алушыларды олимпиадаларға, зерттеу жұмыстарына және ғылыми конференцияларға тартуға бағытталған жыл сайынғы іс-шара.
Кафедра апталығының бағдарламасына келесі іс-шаралар кірді:
- 21 сәуір – Кафедра апталығының салтанатты ашылуы;
- 22 сәуір – «Ғылым арқылы мамандыққа» атты практикалық конференция өткізу;
- 23–24 сәуір – «Төтенше жағдайларда қорғау» мамандығының 4-курс білім алушылары арасында пәндік олимпиада және интеллектуалды инвестициялық CASHFLOW ойыны;
- 25 сәуір – Кафедра апталығының салтанатты жабылуы.
Іс-шаралар қорытындысы бойынша белсенді қатысушылар сертификаттармен және дипломдармен марапатталды.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз!