АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 28 Сәуір 2025 04:19

Дәрістер

2025 жылғы 14–23 сәуір аралығында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде 1–3 курс білім алушыларына арналған «Жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында дәрістер өткізілді. Іс-шараны «Панацея» клиникасының психологы Аманбаева У.С. және колледж психологы Мазбаева Г.А. бірлесіп ұйымдастырды.

            Кездесулердің басты мақсаты – білім алушылардың ерте жүктіліктің физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік аспектілері туралы хабардарлығын арттыру болды. Ерекше көңіл жасөспірімдердің жеке әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауына, проблемалық жағдайларды саралап, саналы шешім қабылдау қабілеттерін қалыптастыруға бөлінді.

            Дәрістер аясында ерте жүктіліктің себептері, оның алдын алу шаралары және репродуктивті денсаулықты сақтау маңыздылығы қарастырылды. Мұндай іс-шаралар жастардың жеке өмір мен денсаулық мәселелеріне деген ересек көзқарасын қалыптастыруға септігін тигізеді.

           

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp