2025 жылғы 22 сәуірде Алматы қаласында Қазақстан Республикасы кәсіптік техникалық колледждерінің оқытушылары мен студенттері арасында «Заманауи оқу әдістері мен ресурстары» тақырыбында Республикалық аукцион-жәрмеңкесі өтті. Іс-шара ұйымдастырушысы – Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 1 Алматы қазақ гуманитарлық педагогтік колледжі».
Іс-шараға еліміздің әр өңірінен 25 колледждің өкілдері қатысып, оқыту үдерісін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдері мен заманауи формаларын ұсынды.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің оқытушылары – Нурбикенова Г.Ж., Абильтаева С.Б. және Бекназар А.Б. – кәсібилік пен шығармашылықтың жоғары деңгейін көрсетіп, Гран-при иегері атанды.
Оқытушыларымызды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз және білім беру саласында жаңа табыстар тілейміз!