2025 жылдың 17-18 сәуірі аралығында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің және Көкшетау қ. №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің базасында «WorldSkills Aqmola-2025» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Чемпионат «Құтқару жұмыстары» құзыреттілігі бойынша ұйымдастырылып, оған Қазақстан Республикасының түрлі өңірлерінен келген техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің ең үздік 10 командасы қатысты.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің құрама командасы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, лайықты түрде жүлделі бірінші орынды иеленді.
Жеңімпаз команда құрамына келесі білім алушылар кірді:
- Есенғазы Бекжан – ӨҚ-41А тобының білім алушысы;
- Леонтьева Ангелина – ЧС-42Б тобының білім алушысы;
- Парахонько Никита – ЧС-42Б тобының білім алушысы;
- Сағи Арсен – ӨҚ-41А тобының білім алушысы;
- Сиволапов Владислав – ЧС-42Б тобының білім алушысы;
- Тоқсанбаев Мирас – ПБ-32А тобының білім алушысы;
- Тремпельченко Андрей – ЧС-32А тобының білім алушысы.
Біздің чемпиондарымызды шын жүректен құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!