2025 жылдың 17-18 сәуірі аралығында Көкшетау қаласында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің базасында «WorldSkills Aqmola-2025» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Чемпионат «Бастауыш сыныптарда білім беру» құзыреттілігі бойынша ұйымдастырылды. Іс-шараға Ақмола облысының бес колледжінен дарынды білім алушылар қатысты.
Барлық қатысушылар өздерінің педагогикалық даярлықтарының жоғары деңгейін, кәсібилігін және шығармашылық көзқарастарын тамаша көрсете білді.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің ПМНО-32А тобының білім алушысы Гермонина Мария осы чемпионатта жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, үшінші орынды иеленді.
Болашақ оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға қосқан үлестері үшін барлық білім алушыларға және олардың тәлімгерлеріне алғысымызды білдіреміз!