2025 жылдың 17-18 сәуірі аралығында Көкшетау қаласында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің базасында «WorldSkills Aqmola-2025» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Чемпионат «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша ұйымдастырылды.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің ДОВ-32 тобының білім алушысы Дели Вероника колледжді абыроймен таныстырып, кәсіби даярлығының жоғары деңгейін, шығармашылық көзқарасын және өз күшіне деген сенімділігін тамаша көрсетті.
Чемпионатқа қатысқан барлық білім алушылар мен олардың тәлімгерлеріне педагогикалық шеберлікті дамытуға деген ұмтылыстары мен мектепке дейінгі білім беру саласындағы болашақ кәсіби мамандарды даярлауға қосқан үлестері үшін алғысымызды білдіреміз!