АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 19 Сәуір 2025 03:17

Дөңгелек үстел

2025 жылдың 17 сәуірінде «Құтқару жұмыстары» құзыреттілігі бойынша «WORLDSKILLS-2025» аймақтық чемпионаты аясында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің базасында «Өрт қауіпсіздігі – жұмысшы мамандықтарының даму бағдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны колледждің Оқу-әдістемелік бірлестігі ұйымдастырды.

Іс-шараға еліміздің әр өңірінен келген чемпионатқа қатысушы 10 бейінді колледждің өкілдері қатысты.Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде кадрлар даярлау үдерісін ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу болды.

Талқылау барысында «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша кадр даярлау мәселелері, бар проблемалар мен оларды шешу жолдары қарастырылды. Оқу үдерісін жаңғырту мен материалдық-техникалық базаны нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушылар оның практикалық маңыздылығы мен өзектілігін атап өтіп, одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp