2025 жылғы 16 сәуір күні Көкшетау қаласында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің мәдени өміріндегі ең жарқын әрі көптен күткен оқиғалардың бірі — дәстүрлі сұлулық пен дарын байқауы «Miss Kokshe-2025» өтті.
Бұл шара қатысушы арулардың даралығын, стилі мен харизмасын көрсетуге арналған алаңға айналып, колледж ұжымын қолдау, шабыт және ынтымақ рухында біріктірді.
Құрметті қазылар алқасының бірауыздан қабылдаған шешімімен «Miss Kokshe-2025» атағы РЛ-12 тобының білім алушысы Рапыкова Даянаға берілді. «I VICE Miss Kokshe-2025» атағын ЧС-12А тобының білім алушысы Кадыркулова Дильназ иеленсе, ал «II VICE Miss Kokshe-2025» атағы ЧС-12В тобының білім алушысы Бондаренко Кристинаға бұйырды.
Әрбір қатысушы өз сұлулығы, дарыны және сенімділігімен көрермендердің жүрегін жаулап алды. Байқау сұлулықтың, шығармашылықтың және жастар рухының нағыз мерекесіне айналды.
Барлық сұлу жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 17 Сәуір 2025 06:54
Дәстүрлі сұлулық пен дарын байқауы «Miss Kokshe-2025»
Кескіндер галлереясы
View the embedded image gallery online at:
https://mcdc.kz/biz-turaly/kolledzh-turaly/zha-aly-tar-men-o-i-alar/item/5791-dasturli-sululyk-pen-daryn-bajkauy-miss-kokshe-2025.html#sigProId64903c0f52
https://mcdc.kz/biz-turaly/kolledzh-turaly/zha-aly-tar-men-o-i-alar/item/5791-dasturli-sululyk-pen-daryn-bajkauy-miss-kokshe-2025.html#sigProId64903c0f52