АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 14 Сәуір 2025 03:18

«WorldSkills AQMOLA – 2025»

2025 жылдың 17-18 сәуірі аралығында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «WorldSkills AQMOLA – 2025» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты басталады.

            Байқау «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Бастауыш сыныптарда оқыту» және «Құтқару жұмыстары» үш құзыреттілігі бойынша өтеді.

            WorldSkills чемпионаты – кәсіби шеберлікті көрсету мен тәжірибе алмасудың тамаша мүмкіндігі. Сонымен қатар, бұл болашақ мамандардың кәсіби дамуына және өз саласына деген қызығушылығын арттыруға үлкен серпін береді.