АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 12 Сәуір 2025 16:12

Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша байқау

2025 жылдың 11 сәуірінде Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Ғылым күніне орай білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша байқау өтті.

            Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту, ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын қалыптастыру және ғылыми ізденіске бейім дарынды жастарды анықтау болды.

            Байқауға қатысу үшін колледждің Жас педагог-мамандары да шақырылды. Бұл білім алушылар мен тәлімгерлер арасындағы өзара әрекеттестік шекарасын кеңейтуге мүмкіндік берді.

            Байқау нәтижесі бойынша жүлделі орындарға ие болған студенттер:

  • 1 орын – Салихова Диана мен Чернявская Ольга (жетекшісі – Ильясова Самал Ибраевна);
  • 2 орын – Кеңес Қымбат пен Серікқалиқызы Айдаргүл (жетекшісі – Садық Айгерім Тұйғынқызы);
  • 3 орын – Мелингер Яна (жетекшісі – Сарсенбаева Айнаш Булатовна) және Серік Диляра (жетекшісі – Шаймуратова Нургуль Еслямовна).

            Аталған байқау жастар арасында ғылымды насихаттауда маңызды қадам болып, білім алушыларды кәсіби әрі зияткерлік тұрғыдан дамуға шабыттандырды.