2025 жылдың 3 сәуірінде Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі инспекторы Махамбетова А.Е. және педагог-психолог, әлеуметтік педагог Мазбаева Г.А. ЧС-12А, ЧС-12Б және ЧС-12В топтарының білім алушыларымен кездесу өткізді. Іс-шараның тақырыбы – «Заманауи қоғамдағы буллинг: мәселелерді шешу жолдары, кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі және білім алушылардың тәртіп ережелері».
Кездесудің мақсаты – білім алушылар арасында толеранттылықты арттыру, қақтығыстардың алдын алу және құқықтық сауаттылықты қалыптастыру. Мамандар тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық және азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы түсіндіріп, білім беру мекемелерінің ережелерін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан пайдалы кеңестер алды.