2025 жылдың 3 сәуірінде АҚЖКК Азаматтық қорғаныс кафедрасында ЧС-32А және ЧС-32Б топтарының білім алушылары үшін тренинг өтті. Іс-шараны Ақмола облысының «Сенімен Болашақ» РҚБ филиалының психологы Исаева Сауле Муратовна жүргізді.
Тренинг барысында білім алушылар психикалық денсаулықтың маңызды аспектілерін талқылады, алаңдатарлық белгілерді тануды үйренді және қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсету бойынша практикалық ұсыныстар алды. Ерекше назар эмоциялық тұрақтылықты дамытуға және өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға бөлінді.