АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 03 Сәуір 2025 09:18

Дәріс

2025 жылдың 2 сәуірінде Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу және репродуктивті денсаулық» тақырыбында 1 курс білім алушыларына арналған дәріс өтті. Іс-шараны «Панацея» клиникасының психологы Аманбаева У.С. және колледж психологы Мазбаева Г.А. бірлесіп ұйымдастырды. 

            Дәрістің мақсаты – білім алушыларды ерте жүктіліктің физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік аспектілерімен таныстыру, сондай-ақ жасөспірімдік шақта кездесетін күрделі өмірлік жағдайларды талдауға үйрету болып табылады.

            Кездесу барысында ерте жүктіліктің себептері, оның алдын алу шаралары, денсаулыққа саналы көзқарас пен болашақ үшін жауапкершілік мәселелері талқыланды. Білім алушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті.

            Мұндай іс-шаралар жастардың репродуктивті денсаулық туралы хабардарлығын арттыруға және жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді, сондай-ақ жасөспірімдерге өмірлік маңызды жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp