АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 02 Сәуір 2025 06:56

«Өміріңді бағала» атты тренингтер

2025 жылғы 17 наурыз және 1 сәуір аралығында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде педагог-психолог Мазбаева Г.А. «Өміріңді бағала» атты 1-3 курс білім алушыларына арналған тренингтер өткізді.

            Психолог білім алушыларға кез келген қиын жағдайдан шығу жолы бар екенін, ал қиын сәттерде ата-аналардан, достардан немесе мамандардан көмек сұрауға болатынын түсіндірді.

            Тренингтің қорытындысында қатысушылар өмірлік қиындықтарды жеңуге, эмоцияларды басқаруға және кез келген жағдайдың оң жақтарын табуға көмектесетін ұсыныстар алды.