Салауатты омiр салты
Көкшетау қаласынның «Қажмұқан» спорт мектебінде 15-19.10 күндер аралығында жыл сайын 2000-2001ж. жас жеткіншектер арасында бокс чемпионаты өтті. Біздің колледж намысын қорғауға ӨҚ-11А топ студенті Мырзатаев Галым қатысып, өзінің салмақ категориясы бойынша I орынға ие болды.
Қазіргі уақытта жастар салауатты өмір сүруге ат салысып жүр. Осы іс-шараға қатысып отырған Мырзатаев Галым да салауатты өмір салтын қолдап отыр. Бұл – біздің колледжіміздің мақтанышы. Алдағы уақытта да Галым өз жетістігінің шыңына шыға береді деп үміт артамыз.
ӨҚ-11А тобының кураторы педагогика пәнінің оқытушысы Жунусова Г.С