2025 жылдың 12 наурызында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шара өтті. Бұл шара республикалық «Шабыт» жобасы аясында ұйымдастырылды. ЖІК, тәрбие бөлімі және кураторлар білім алушылармен бірге шынайы эмоциялармен, шығармашылықпен және мерекелік көңіл-күймен толтырылған театрландырылған көріністер дайындады.
Білім алушылар әйел бейнесінің сұлулығы мен күшін бейнелейтін тамаша қойылымдар көрсетті, ал қазылар алқасы үздіктерді анықтады:
- 1 орын – ФК-12Б тобы (Дашковская Евгения Викторовна);
- 2 орын – ӨҚ-11А тобы (Рахметова Раушан Зайнуллкабиденовна);
- 3 орын – РЛ-12 тобы (Нарымбаева Дарига Наубетовна);
Іс-шараға жауаптылар: тәрбие бөлімі, кураторлар Сарсенбаева А.Б. және Куценко А.Д.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!