АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 03 Наурыз 2025 07:05

Құттықтаймыз!

2025 жылғы 24 ақпан мен 1 наурыз аралығында Астана қаласындағы «Құтқарушы» СК ТЖД МӨСБ-5 базасында ерлер арасында XXXIII, әйелдер арасында XI, жасөспірімдер мен юниорлар арасында IX Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының қысқы Чемпионаты өтті.
Сайыс нәтижесі бойынша Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің ТЖ-21Б тобының білім алушысы Қалиолаев Ислам «Оқу мұнарасының 3 қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу» дисциплинасы бойынша күміс медаль иегері атанды.
Жеңімпазды құттықтаймыз және спорттық мансабында үлкен жетістіктер тілейміз!