АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 27 Ақпан 2025 10:06

«Ғылымға алғашқы қадам» атты ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорғау апталығы

2025 жылғы 24-27 ақпан аралығында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасында «Ғылымға алғашқы қадам» атты ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорғау апталығы өтуде. 

Апта барысында білім алушылар өздерінің ғылыми-зерттеу жобаларын келесі бағыттар бойынша ұсынады:

  • Педагогикалық секция;
  • Тарихи-мәдени секция;
  • Химия-биология секциясы;
  • Филология секциясы;
  • Ақпараттық-математикалық секция;

Апталықтың негізгі мақсаты – ғылыми ойлау, шығармашылық қабілеттерді дамыту, зерттеушілік дағдыларды жетілдіру және білім алушылардың кәсіби даярлығын қалыптастыру.

Бұл іс-шара жеке тұлғаның дамуына, топта жұмыс істей білуіне, қазіргі ғылымның өзекті мәселелерін шешуге және жастардың инновациялық әлеуетін ашуға ықпал етеді.