Ақмола облыстық тарихи - өлкетану мұражайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» қосымшасының «Туған жер» арнайы бағдарламасы аясында ұлттық спорттық ойындар үйірмелерінің басшылары және тәрбиенушілерімен бірлесе 2017ж. 28 қыркүйегінде, «Асық ату», «Бес асық» өткізілді.
Тренингтің мақсаты - қазақ халқының мәдени мұрасына деген құрметті қалыптастыру, қоғамның қазақ ұлттық ойындарына, ойынды үйренуге деген қызығушылықарын арттыру.
«Асық ату» тренинг – ойын алаңына ТЖ-11Б тобы мен Усина Самал Сериковна қатысты. Аталған іс шараға белсенді қатысқаны үшін Азаматтық қорғаныс көпсалалы көлледжі алғыс хатпен марапаттады.