АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 20 Ақпан 2025 06:05

«Өмірге салауатты қадам»

2025 жылғы 19 ақпанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде жасөспірімдер арасында синтетикалық есірткілердің таралуының алдын алу бойынша іс-шара өтті. Іс-шара «Өмірге салауатты қадам» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. 

Білім алушылар алдында сөз сөйледі:

  • Полиция подполковнигі Курсанова Р.Т. (Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы);
  • Полиция капитаны Иманбаев А.К. (Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы);
  • «Панацея» клиникасының психологы Аманбаева У.С.

Білім алушыларға «Закладки» атты профилактикалық бейнеролик көрсетіліп, есірткінің зияны, оны тарату үшін қарастырылған қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндірілді.

Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, білікті жауаптар алды. Мұндай іс-шаралар жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, сондай-ақ қауіпті жағдайлардан аулақ болуға көмектеседі.

Кескіндер галлереясы

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp