2025 жылғы 19 ақпанда Көкшетау қаласындағы «Bolashaq Saraiy» ғимаратында «Жұмысшы мамандықтар жылы: жаңа мүмкіндіктерді ашу» өңірлік жастар форумының ресми ашылуы өтті. Форум Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылып, билік, бизнес, білім беру мекемелері мен жастар өкілдері арасындағы маңызды диалог алаңына айналды.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі бұл маңызды іс-шараға белсенді қатысып, кәсіби білім беруді дамытуға қосқан үлесін көрсетті.
Форумның құрметті қонақтары қатарында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Талғат Жүнісұлы, «Talap» КЕАҚ президенті Санжар Тәтибеков және Социалистік Еңбек Ері Есілбай Қадралин болды.
Осы іс-шара жас мамандарға жаңа мүмкіндіктер ашып, жұмысшы мамандықтарының ел дамуы үшін маңыздылығын ерекше атап өтті.