2025 жылғы 11-15 ақпан аралығында Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Астана қаласындағы «EXPO» Халықаралық көрме орталығында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтуде.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі осы маңызды шараға белсенді түрде қатысуда. Бұл – колледждің жетістіктерін көрсетуге және мамандықтарды насихаттауға мүмкіндік беретін маңызды әрі жауапты сәт.
Фестиваль қатысушылары үшін ерекше мақтанышқа айналған жайт – Қазақстан Республикасының Президенті колледждің стендін арнайы келіп көруі болды. Мемлекет басшысына колледждің кәсіби білім беруді дамытуға қосқан үлесі мен атқарған жұмысы туралы ақпарат ұсынылды.
Сонымен қатар, фестиваль барысында Президент әрбір еңбектің маңыздылығын атап өтіп, жастарды жауапкершілікке, еңбекқорлыққа және өз мамандығына құрметпен қарауға шақырды.