АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 14 Ақпан 2025 12:48

Тәжірибелік тағылымдама

2025 жылдың басынан бастап АҚЖКК Азаматтық қорғаныс кафедрасының өндірістік оқыту шеберлері және оқытушылары тәжірибелік тағылымдамадан өтіп, өз біліктіліктерін жетілдіруде. 

Оқу үдерісі Ұлытау облысы, Жәйрем қаласында орналасқан Жәйрем тау-кен байыту комбинатының күзетін қамтамасыз ететін колледждің әлеуметтік серіктесі «Зевс Энерго» ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің өрт сөндіру бөлімінде өтуде.   

Тағылымдама барысында оқытушылар кәсіби дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, сонымен қатар өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қатыса отырып, практикалық тәжірибе жинақтауда. Бұл тәжірибе оларға білім алушылардың дайындық деңгейін арттыру мақсатында құнды білім мен нақты практикалық жағдайларды тиімді түрде жеткізуге мүмкіндік береді.

Кескіндер галлереясы

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp