2025 жылғы 11 ақпанда Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында Астана қаласында «EXPO» Халықаралық көрме орталығында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өз жұмысын бастады. Бұл – иммерсивті қала форматында ұйымдастырылған бірегей іс-шара, онда әрбір қатысушы интерактивті платформалар арқылы түрлі мамандықтарды өз бетінше сынап, олардың ерекшеліктерімен жақынырақ таныса алады.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі осы маңызды шараға белсенді түрде қатысуда. Бұл – жетістіктерімізді көрсетуге және мамандықтарды насихаттауға мүмкіндік беретін жауапты әрі маңызды сәт.