АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 08 Ақпан 2025 05:05

«Brain Battle» интеллектуалды ойын форматында кіріктірілген ашық сабақ

2025 жылдың 6 ақпанында АҚЖКК Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасында «Brain Battle» интеллектуалды ойын форматында кіріктірілген ашық сабақ өтті. Іс-шараны кафедраның оқытушылары Рахимжан К.О., Нурсеитова Р.З. және Максютов Р.В. ұйымдастырды.

Сабақтың мақсаты білім алушылардың жарыстық формат арқылы пәндерге деген қызығушылығын дамыту, сондай-ақ логикалық және сыни ойлауды қалыптастыру болды. Сабақ барысында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) және дидактикалық материалдар пайдаланылды, бұл оқу процесін қызықты әрі нәтижелі етті.

Білім алушылар әр түрлі саладағы білімді қолдана отырып, ойынға белсенді қатысты, ал сабақтың өзі серпінді және достық атмосферада өтті.

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp