АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 08 Ақпан 2025 04:53

«Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбайұлының халық педагогикасына қосқан үлесі» тақырыбында кіріктірілген ашық сабақ

2025 жылғы 6 ақпанда АҚЖКК Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасында БББПӘ-31 тобында «Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбайұлының халық педагогикасына қосқан үлесі» тақырыбында кіріктірілген ашық сабақ өтті. Іс-шараны кафедраның оқытушылары Абильтаева С.Б., Бекназар А.Б. және Амантай А.А. ұйымдастырды.

Сабақ барысында білім алушылар қазақ халқының көрнекті ағартушыларының өмірімен және ғылыми мұрасымен танысып, олардың педагогикалық еңбектерін зерделеп, қоғамдағы және қазіргі білім беру жүйесіндегі маңыздылығын талқылады.

Оқытушылар оқытудың заманауи әдістері мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданды. Білім алушылардың шығармашылық жұмысына ерекше назар аударылды, бұл тақырыпты тереңірек ашуға мүмкіндік берді.  

Білім алушылар жоғары белсенділік танытып, тапсырмаларды сәтті орындады және зерттелетін материалға бар қызығушылықтарын танытты.

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp