АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 05 Ақпан 2025 05:46

Мектеп парламенттерінің слеті

2025 жылғы 4 ақпанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Көкшетау қаласының мектеп парламенттерінің слеті өтті. Іс-шараны АҚЖКК Студенттік парламенті және Жастар ісі жөніндегі комитеті ұйымдастырды.

Слеттің басты мақсаты – көшбасшылық қасиеттерді дамыту, азаматтық белсенділікті арттыру және мектеп оқушылары мен колледж білім алушылары арасында тәжірибе алмасу болды. Шара барысында мастер-кластар, тренингтер, интерактивті ойындар ұйымдастырылып, мектеп парламенттерінің жобалары таныстырылды.

Қатысушылар үшін бұл кездесу жеке тұлғалық дамуға, көзқарасын кеңейтуге және білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізді. Іс-шара жылы атмосферада өтіп, қатысушыларға жаңа білім мен жарқын әсерлер сыйлады.

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp