АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 04 Ақпан 2025 09:23

Синтетикалық есірткінің таралуының алдын алу

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде 2-курс білім алушылары үшін жастар арасында синтетикалық есірткінің таралуының алдын алу тақырыбында түсіндіру кездесуі өтті.

Іс-шараның спикерлері ретінде Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының подполковнигі Курсанова Р.Т. және Әділет департаментінің өкілі Берлібекова Т.К. сөз сөйледі. Кездесу барысында білім алушыларға есірткіні тұтыну мен таратудың нақты қауіптері мен салдарын көрсететін бейнеролик ұсынылды. Бейнематериалды қарағаннан кейін ашық диалог форматында пікірталас өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маңызды мәселелерді талқылады.

Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ қауіпсіздік пен денсаулыққа саналы көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді.

           

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp