14.09.2017 жылы ТЖ-11 «А» тобы Ақмола облыстық М.Жумабаев атындағы кітапханаға барды. 22 қыркүйек тілдер куніне арналған «Қасиетті ана тілім» тақырыбында іс-шара өткізілді. Негізгі мақсаты жастардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту.
Ақмола облыстық тілдерді дамыту басқармасының жетекші маманы Өміржан Алмат Берікұлы қатысты. Осыдан түра 17 жыл бұрын – 1989 жылы қыркүйектің 22-күні Қазақстанда «Тілдер туралы» заң қабылданғаннан кейін болған өзгерістер туралы айтып өтті. Іс-шара өтте қызықты және мазмұнды болды.