АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 29 Қаңтар 2025 11:10

Экскурсия

2025 жылғы 25 қаңтарда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің ЧС-22А тобының білім алушылары экскурсия аясында Ақмола облысы ТЖД №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне барды. Топ кураторы – Есенжолов Е.Е.

Экскурсия барысында білім алушыларбөлімнің қару-жарағындағы өрт сөндіру техникасымен және бөлімнің шығу аймағымен танысты. Өртке қарсы қызмет мамандары техникасының тактикалық-техникалық сипаттамалары туралы айтып, нормативтердің практикалық орындалуын көрсетті. Экскурсия сондай-ақ, қарауылдық қызметті ұйымдастыру туралы мәліметтерді қамтыды.

Білім алушылар өздерінің кәсіби дамуына көмектесетін құнды білімдер мен практикалық дағдылар алды.

Кескіндер галлереясы