АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 24 Қаңтар 2025 11:41

«Біз буллингке қарсымыз!» челленджі

2025 жылғы 23 қаңтарда АҚЖКК Азаматтық қорғаныс кафедрасында, «Біртұтас тәрбие» мемлекеттік бағдарламасы аясында, «Біз буллингке қарсымыз!» челленджі ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында ӨҚ-21Б тобының білім алушылары өздерінің ұрандарымен шығып, буллингке қарсы күрес туралы өз ойларымен бөлісті. Әрбір қатысушы зорлық-зомбылық пен агрессияға қарсы өз ұстанымын білдіріп, бір-бірін құрметтеу мен қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Бұл челлендж барлығына ұжымдағы достық, өзара түсіністік пен бірліктің құндылығын тағы да еске салды.