2025 жылғы 16 қаңтарда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Студенттік парламентінің жоспары аясында «Салауатты және дұрыс тамақтану» тақырыбында дәріс өтті. Іс-шараны спорт министрлігінің білім алушылары Рапыков Алишер жәнеАренов Алихан ұйымдастырды.
Дәріс барысында білім алушылар денсаулықты сақтау, энергия деңгейін және оқуға қабілеттілікті арттыру үшін үйлесімді диетаның маңыздылығын талқылады. Дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастыру бойынша практикалық ұсыныстарға ерекше назар аударылды.