АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 20 Қыркүйек 2017 11:04

Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналған «Тіл апталығының» ашылуы

18.09.2017 ж  Қазақстан  халықтарының тілдер күнін атап өту үшін «Тіл апталығы» филология-педагогикалық   мұғалімдердің басқаруымен салтанатты түрде ашылды.

Мерекелік іс-шара колледждің мәжіліс залында өтті. Осы іс –шараға әкімшілік және әр мамандық бойынша 1 курс білім алушылары қатысты. Әкімшілік тарапынан ғылыми жетекші Аскарова А.К «Тілдер күнімен» құттықтап,  баршаға  табыс тіледі.

Филология-педагогикалық  бірлестігінің   басшысы Булатова М.А тіл апталығының жоспарымен таныстырды және де осы іс шараға белсене қатысқан  білім алушыларды ерекше  атап өтті.Ашылуы Аскарова Аружанның ұлттық биімен  әрі қарай Осина Виолетаның  испан  әнімен және де қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде қатысушылардың мәнерлеп  өлең оқуымен   жалғасты.Әсіресе 1 курс студенті  Қуандық Құрманқажы өзінің шығарған  «Ана тілі» өлеңін осы мерекеге арнап тарту етті. Іс-шара Жұмажанов Алдиярдың «Батырлар ұраны» атты  әсем  әнімене аяқталды.

Оқытушылар: Оспанова Р.Н., Кудасова Г.Е.

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp