2024 жылғы 13-16 қаңтар аралығында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Сен өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында құқықтық мәселелер бойынша викторинасы өтті. Іс-шараны құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі инспекторы Махамбетова А.Е. «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты кәмелетке толмаған білім алушылардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру болды. Викторина барысында қатысушылар құқықтар мен міндеттер арасындағы ерекшеліктерді зерттеді, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілер саласындағы өздерінің базалық білімдерін нығайтты.