АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 25 Желтоксан 2024 10:34

«Қазақ тілінің білгіштері» байқауы

2024 жылғы 20 желтоқсанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде мемлекеттік тілді зерделеуге және насихаттауға арналған «Қазақ тілінің білгіштері» байқауы өтті. Іс-шараны директордың оқу-әдістемелік және ғылыми ісі жөніндегі директор орынбасары Бостанбаева С.К. ұйымдастырды.

Байқау қорытындысы бойынша келесі қатысушылар жеңімпаз атанды:

  • Гран-При – оқытушы Ли Марк Евгеньевич;
  • 1 орын – оқытушы Руслан Владимирович Максютов;
  • 2 орын – оқытушы Александр Владимирович Эберц;
  • 3 орын – оқытушы Ольга Николаевна Баркова.

Іс-шара Қазақстанның мәдениеті мен тіліне деген құрмет пен бірліктің жарқын үлгісі болды. Байқау жеңімпаздары мадақтамалармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.