2024 жылғы 19 желтоқсанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Арнайы мақсаттағы өрт сөндіру автомобильдері» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақтар жоспары аясында ұйымдастырылған осы сабақты Азаматтық қорғаныс кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы Берденов Д.Ж. ӨҚ-41А тобының білім алушылары үшін өткізді.
Сабақтың мақсаты білім алушылардың оқу және кәсіптік тәжірибе процесінде алған теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын бекіту болды.
Сабақ барысында білім алушылар арнайы өрт сөндіру техникасын жіктеу, сондай-ақ оны төтенше жағдай түріне қарай дұрыс пайдалану қабілеттерін көрсетті. Арнайы мақсаттағы автомобильдердің тактикалық-техникалық сипаттамаларына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, оқытушы білім алушыларды аумақтық бөлімшелерде қызмет ететін өрт техникасының жаңа түрлерімен таныстырды. Сабақ нәтижелі өтті және білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға жақсы ықпал етті.
АҚ кафедрасының оқытушысы Берденов Д.Ж.