2024 жылғы желтоқсан айында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің жатақханасында дәстүрлі түрде өткізілетін жыл сайынғы «Ең үздік бөлме» байқаудың бірінші жартыжылдықтағы қорытындысы шығарылды. Бұл іс-шара тәртіпті және жатақханада тұру ережелерін сақтауға бағытталған.
Құрамына санитарлық-тұрмыстық сектор өкілдері мен жатақхана тәрбиешілері кірген комиссия барлық бөлмелерді мұқият бағалап, жеңімпаздарды анықтады. Байқаудың үздік қатысушылары құрмет грамоталарымен және тәтті сыйлықтармен марапатталды, бұл білім алушылардың күш-жігері мен жауапкершілігі үшін жағымды көтермелеу болды.