2024 жылғы 25 қараша мен 5 желтоқсан аралығында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің басшылығы Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары үшін біліктілікті арттыру курстарына қатысты.
Курстар «Білім берудегі менеджмент: заманауи білім беру жағдайындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының тиімді стилі» тақырыбы бойынша өткізілді.
Іс-шараны «Talap» КЕАҚ Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырды. Бұл курстар заманауи сын-қатерлер жағдайында білім беру ұйымдарын тиімді басқару үшін қажетті құзыреттерді дамытуға бағытталған.