2024 жылғы қарашада Астана қаласында Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының Этномедиация орталығы ұйымдастырған семинар-тренинг өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің тапсырысы бойынша өткізілді.
Семинардың мақсаты этносаралық шиеленіс белгілерін жедел анықтауға, туындаған жағдайларға тиімді әрекет етуге және дауларды реттеуге қатысуға қабілетті этномедиаторлар пулын қалыптастыру болды. Қатысушыларға «Заң және Тәртіп» мемлекеттік идеологиясын іске асырудағы маңызды қадам болған конфликтология, келіссөздер және этномедиация саласында базалық білім берілді.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің президенті Қасым Шоқан Жанатұлы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шайхина Гульжанар Жаксылыковна осы іс-шараға белсене қатысты. Тренингті сәтті аяқтағаны үшін олар этномедиация саласындағы құзыреттіліктерін растайтын сертификаттармен марапатталды.