2024 жылғы қараша айынан бастап Көкшетау қаласындағы № 2 мектеп-лицейінің 4 және 5 сынып оқушыларымен бірлесіп, АҚЖКК Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасының жанындағы Педагогикалық шеберлік орталығының «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1, 2 және 3 курс білім алушылары Жаңа жыл мерекесіне орай «Ертегіні сахналау» атты іс шараны ұйымдастыруға басшалыққа алды.
Іс-шараның негізгі мақсаты колледж білім алушыларының теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану, балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, кейіпкердің мінезін түсіну және сахналау дағдыларын дамыту, сондай-ақ есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру болды.