АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 28 Қараша 2024 04:50

Профилактикалық іс-шаралар

2024 жылғы 25-28 қараша аралығында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы және «Панацея» клиникасымен ынтымақтастық шеңберінде профилактикалық іс-шаралар өтті. Іс-шараларға нарколог-дәрігерлер, клиника психологы Аманбаева У.С., колледж психологы Мазбаева Г.А., медбике Ковальчук А.В. және құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі инспекторы Махамбетова А.Е. қатысты.

Іс-шаралардың негізгі тақырыптары «Салауатты өмірге қадам» деп аталатын жастар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу және «ЖИТС - бұл өлім қақпаны» ұранымен Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күнін талқылау болды. Диалог форматы білім алушыларға қызықтырған сұрақтарын қоюға және білікті жауаптар алуға мүмкіндік берді.

Бұл іс-шаралар денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды, сонымен қатар салауатты өмір салты мен өмірге деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға ықпал етті.

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp