2024 жылғы 20 қарашада Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің «Жайнар» еріктілер клубы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Көкшетау қаласының Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ балаларына арналған қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Іс-шара аясында жас көрермендерге көптеген жағымды эмоциялар сыйлаған тамаша балалар концерттік бағдарламасы өткізілді.
Еріктілер қызметі адамдарға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар білім алушыларда мейірімділік, ниеттестік және жауапкершілік сияқты маңызды қасиеттерді дамытады.