2024 жылғы 20 қарашада Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасы жанындағы Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған «Филологтар дуэлі» лингвистикалық турнирі өтті. Зияткерлік жарысқа «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының білім алушылары қатысты.
Оқытушылар Дашковская Е.В., Нарымбаева Д.Н. және Каминская М.А. жетекшілігімен қатысушылар тіл туралы білімдерін, логикалық ойлау дағдыларын және тапсырмаларды орындауға шығармашылық көзқарастарын көрсетті.
Турнир жеңімпаздары:
- 1 орын – РЛ-22 тобы;
- 2 орын – РЛ-32 тобы;
- 3 орын – РЛ-12 тобы.
Құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!