АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 20 Қараша 2024 11:57

«WorldSkills Kazakhstan – 2024»

2024 жылғы 14-16 қараша аралығында «ЭКСПО» халықаралық  көрме орталығында «WorldSkills Kazakhstan – 2024» Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Елдің әртүрлі өңірлерінен келген 550-ден астам қатысушының ішінде Ақмола облысының намысын қорғаған Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің білім алушысы Аимгуль Смакова «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша өз шеберлігін көрсетті. Байқау барысында білім алушымызға сарапшы-компатриот Айдана Бекназар қолдау көрсетті.

Осындай беделді чемпионатқа қатысу біздің білім алушылар үшін білімін тексерумен қатар, болашақ педагогикалық мансап үшін құнды тәжірибе беретін кәсіби өсудің маңызды кезеңі болып табылады.